Лариса Гунгер: "Жұмыс жасаудамыз, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз"

06.05.2023

Алматы облысының спортты дамыту дирекциясында үстел теннисі бөлімі ашылды және оның негізгі міндеттері келесідей:

- Бұқаралық спортты дамыту және үстел теннисімен айналысатын халықты қамтуды арттыру;

- Жоғары деңгейдегі спортшыларды және спорт резервін даярлау;

- ҚР спартакиадасына, Қазақстан чемпионатына, Жастар ойындарына, халықаралық және республикалық турнирлерге қатысуға дайындықты қамтамасыз ету.

Облыстың аға жаттықтырушысы Лариса Гунгер: "Бүгінгі таңда тек үш ауданда БЖСМ жанындағы үстел теннисі секциялары жұмыс істейді. Білікті жаттықтырушылардың тапшылығы, спорттық базаның жеткіліксіздігі байқалады, бөлімшенің ашылуы біздің спорт түрінің дамуына жақсы серпін береді деп үміттенеміз. Жарқын мысал ретінде Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары бар, ол жақта үстел теннисіне үлкен көңіл бөлінеді, сондықтан жақсы нәтижелер көрсетуге тырысамыз, жұмыс жасаймыз".

Талап Қойбағаров