Кубоктар өз иелерін тапты

21.10.2019

Түркістан қаласында үстел теннисі бойынша республикалық деңгейдегі алғашқы жарыстар - Қазақстан Кубогы жоғары деңгейде өтіп, сәтті аяқталды. Нәтижелері келесі: ерлер құрамалары арасында Шығыс Қазақстан облысының ракетка шеберлері Денис Жолудев, Сағантай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Кирилл Сотник жеңіске жетті. Олармен бірге құрмет тұғырына қарағандылықтар (2 орын) және шымкенттіктер (3 орын) көтерілді. Құттықтаймыз! Одан әрі турнир кестесінде Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Қызылорда облыстары орналасты.

Қыздар арасында чемпиондық Кубокты Сарвиноз Мірқадірова, Мәлика Илхамжанова, Озода Азатова, Таңшолпан Шапей (суретте) Шымкентке сенімді және лайықты түрде алып кетті. Күміс, қола кубоктарды қарағандылықтар мен алматылық спортшылар иеленді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Маңғыстау облыстарының командалары күресті, бірақ медальсіз қалды.

Енді Кубоктың иегерлерімен сәл жақынырақ танысайық. Шығысқазақстандықтардың жаттықтырушысы Ольга Архипова өз шәкірттерін былай деп сипаттап берді: "Денис Жолудев, рух пен ойын бойынша көшбасшы, команда капитаны. Еңбекқор, принципті, әрқашан жастары кішілерге көмек береді.

16 жасар Сағантай Құрмамбаев жақында спорт шебері нормативін орындады. Көңілді, ашық, мейірімді. Мақсатты, сенімді, дәйекті түрде жаңа шыңдарды бағындыру үшін жүріп келе жатыр.

19 жасар Сергей Коновалов, спорт шебері, өз кезінде еліміздің өз жасы аралығында абсолюттік чемпионы болған. Мейірімді, бауырмал, қарапайым. Жаңа бастаған теннисшілер арасында беделге ие.

Тәжірибелі шебер, ойнаушы жаттықтырушы Кирилл Сотник: әлем чемпионатының қатысушысы, Қазақстан біріншілігінің, республикалық Спартакиаданың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Өзінің өмірлік, спорттық тәжірибесін жас спортшыларға беруде".

Шымкент қаласының әйелдер құрамасы.

Команда құрамы ұйымшыл және қыздар көп жылдар бойы республикалық турнирлерде, чемпионаттарда жеңіске жетіп, бірге ойнайды. 14 жасар Сарвиноз Мірқадірова өткен жылы спорт шебері болды, ал жақында "Сербия Опен" атты Үстел теннисі халықаралық федерациясының қамқорлығымен өткізілген беделді турнирді жеңіп алды. Сарвинозға Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылары үлкен үміт артады.

Мәлика Илхамжанова-ойын стилі бойынша қорғаушы, Шымкент құрамасындағы ең тәжірибелі теннисші және дос қыз-әріптестері оның пайдалы кеңестеріне құлақ асады.

Озода Азатова мен Таңшолпан Шапей барлық турнирлерде маңызды ұпай жинап, ұжымға үлкен пайда әкеледі. Еңбекқор. Барлығы да Алматы қаласының "Шаңырақ" шағын ауданындағы мектеп-интернет-олимпиада резерві колледжінің оқушылары (Озода Азатова осы колледждің түлегі).


Талап Қойбағаров