Кубок жинаушы

16.11.2020

Қытайдың Шаньдун провинциясының Вэйхай қалалық округі үстел теннисінен ерлер арасындағы жеке Әлем кубогына қатысушылар үшін спорт алаңына айналды. Планетаның бірінші ракеткасы, 23 жастағы Фан Жендонг (Қытай) өзінің даңқты өмірбаянында 4-ші рет құрметті олжаны жеңіп алды. Табысқа жету жолында ол келесі қарсыластарды жеңді: Чуан Чи-Юань (Тайбэй) 4:0, Линь Юньжу (Тайбэй) 4:2, Янг Вуджин (Корея) 4:0, Ма Лонг (Қытай) 4:3.

1-ші орын Фан Жендонг (Қытай), жүлде 55 000 $;

2- ші орын Ма Лонг (Қытай), жүлде 40 000 $;

3- ші орын Томокази Харимото (Жапония), жүлде 20 000 $.

Талап Қойбағаров