COVID - 19 елдің кіші ракеткасы шеберлерінің жылдық күнтізбесіне түзетулер енгізіп, турнирлер мен жарыстарды белгісіз мерзімге ығыстырып, Супер және жоғары лигадағы ашық командалық чемпионатқа қатысушы Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Қазақстан теннисшілерін демалысқа жіберді.
2019
алтын Кубогының иегері "Жетісу" клубы (Алматы облысы) биылғы маусымда
турнирлік кестенің шыңына шығып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жұптық және
аралас дәрежедегі Еуропа біріншілігінің жеңімпазы (2016), Еуропа командалық
чемпионатының қола жүлдегері (2013, 2015), "ITTF Challenge Croatia Open
2018" күміс жүлдегері Александр Ханинді (Беларусь) клубқа шақырды. Александрмен
бірге жеңіске жеткен кубокты Денис
Жолудев (Өскемен), Эрик Райтер (Қарағанды),
Сергей Коновалов (Өскемен), Мейіржан Толсубаев (Талдықорған), Диас Бекен (Талдықорған), жаттықтырушы Нұрлан Дүйсембинов (Талдықорған) қорғайтын
болады.
Талап Қойбағаров