Орал қаласында үстел теннисінің кәсіби клубы ашылды және осы жобаның мақсаты-жоғары жетістіктер спортын дамытуды жалғастыру, дәстүрлі, тәрбиелік, мәдени құндылықтарды ескере отырып, Батыс Қазақстан облысында осы олимпиадалық спорт түрін танымал ету, бұқаралық турнирлер өткізу, теннисшілердің шеберлік деңгейін арттыру, оқу-жаттығу жиындарына қатысу және Қазақстанның ашық командалық чемпионатында, халықаралық деңгейдегі жарыстарда табысты өнер көрсету.
Бүгінгі
таңда клубта жоғары санатты екі жаттықтырушы, екінші
санатты бір жаттықтырушы, 10 теннисші бар, олардың арасында Болат
Ниеткалиев, Аружан Ильяс, Аружан Бекиш, Абилсеит Ибат, Арсен Аскар сияқты спортшылар Қазақстанның
жасөспірімдер және
жастар біріншіліктерінде жүлделі
орындарды жеңіп алуда.
Жаттығу
барысы ОРОМБЖМ теннис
залында (олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер
мектебі) өтеді. Сапалы
кәсіби мүкәммал,
клубтың жаттықтырушылары мен спортшылары үшін
спорттық киім-кешектер
сатып алу жоспарлануда.



Талап Қойбағаров

