Өзбекстан, Ресей және Қазақстанның 70 ер бала және 40 қыз балалар теннисшілерінің қатысуымен Алматыда «Оңтүстік астана» атты үстел теннисінен жиырмасыншы халықаралық турнирі басталып кетті. Бірақ алдымен салтанатты ашылуы болды, онда республикалық Федерацияның Бас хатшысы Данил Пак Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясына «Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» Федерацияның атқарушы директоры Мәлік Бейсалиевқа алғыс Белгісін табыстады.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әлия Серікбаева,
Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері Алмаз Бекботаев, Алматы
қаласы дене шынықтыру және спорт Басқармасының жауапты қызметкерлері жарысқа
қатысушыларға сәлемдесу сөздерімен жүгінді.
Турнир кіші топтағы ойындармен басталды, оның қорытындысы
бойынша 32 мықты ойыншы күресті тікелей медаль және бір жарым миллион теңге
мөлшеріндегі жүлде үшін ары қарай жалғастырады.
Қазақстанның жетекші спортшылары Тимур Келбұғановқа
(Алматы), Денис Жолудевқа (Өскемен), Бекұлан Жамалға (Шымкент), Анастасия
Лавроваға (Астана), Айя Әлімбаеваға (Алматы), Зәуреш Ақашеваға (Қарағанды), Дастан
Кенжеғұловқа (Орал), Ангелина Романовскаяға (Павлодар облысы), Сарвиноз
Мірқадіроваға (Шымкент) Ресейден және Өзбекстаннан келген өте мықты спортшылар
қарсылық көрсететін болады.
Олардың кейбіреулерін таныстыра кетейін: Илья Исаков (Ресей)
– командалық есептегі Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері, Кирилл Швец (Ресей)
– Ресейдің жастар арасындағы чемпионы, Илья Жидков (Ресей) – Свердловск облысы
құрамасының құрамындағы 2015 жылғы Ресей чемпионы, Регина Ким (Өзбекстан) – 2014
жылғы Нанкинде (ҚХР) өткен Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысушы, Тайландта өткен
Азия жасөспірімдер чемпионатының қола жүлдегері, Кәмила Халикова (Өзбекстан) – Өзбекстан
чемпионатының жүлдегері, Латвиядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы, Геннадий Левченко (Өзбекстан) –Өзбекстан
чемпионатының жүлдегері, Латвия, Молдова, Ресейде өткен халықаралық
турнирлердің жеңімпаздары. Күштілер жеңіске жете берсін!
Талап Қойбағаров