Көшбасшылық қасиеттерін растауға тырысады

27.04.2021

Алматыда мамыр айының мерекелерінде үстел теннисінен Қазақстанның ең мықты ұлдары мен қыздарының турнирі өтеді. Ел чемпионатының қорытындысы бойынша, ұлттық рейтинг бойынша алаңға он бес жасар спортшылар арасында тек 16 адам, он сегіз жастағы спортшылар арасында -12 адам шығады. Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент), Сағантай Құрмамбаев (ШҚО), Әнел Бақыт (Шымкент), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Арай Әшкеева (Қарағанды), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Алиса Цвигун (Нұр-Сұлтан), Санжар Жұбанов (БҚО), Виктория Мочалкина (Қарағанды), Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар облысы), Елизавета Лаврова (Нұр-Сұлтан) өз ойындарымен тағы да көшбасшылық қасиеттерін растауға тырысады.

Қиын эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, турнир көрермендерсіз өтеді.

Талап Қойбағаров