Үстел теннисінен Қазақстанның ашық
командалық чемпионатының екінші туры Қарағандыда өтуде. Суперлиганың көшбасшылары талдықорғандық
"Sarkan", "Қарағанды" ҮТК кеше үш реттен жеңіске жетіп,
турнирлік кестені басқаруды жалғастыруда. Кирилл
Герасименко ("Sarkan"), Алан
Құрманғалиев ("Қарағанды" ҮТК) өздерінің жарқын ойындарымен команда бойынша достарына сенімділік сезімін
беруде.
Үшінші орында, ұпай сандары бірдей
"Хван Ман-Гым" өзбек СК, шымкенттік "Sigma",
"Karven" (Қырғызстан), "Шолақ-Терек" (Қостанай облысы) тұр.
Одан кейін "Қарағанды-3", "Қазаэронавигация", "Павлодар",
"Масаншы Жолбарыстары" келе жатыр.
Бірінші лигада ең мықты дивизионға шығу үшін
күресті жалғастырып жатқандар «Andijan» (Өзбекстан), алматылық «Ардагер» және
«Pro100», «Ертіс» (Павлодар), «Ардагер» (Алматы), «Қарағанды-2», «Хван Ман-Гым-2»
СК, ООРМБЖМ Қарағанды-1, «Жетісу» (Алматы облысы), «Жалын» (Шымкент) клубтары.
Талап Қойбағаров