Көшбасшылар анықталды

22.10.2022

Павлодардағы "Jenimpaz" үстел теннисі орталығында Қазақстанның ашық командалық чемпионатының соңғы турының матчтары басталды. Суперлигада өткізілген үш матчтан кейін "Сарқан" (Талдықорған), "Қарағанды" ҮТК және "Sigma" (Шымкент) клубтары бағалы ұпайларын жоғалтқан жоқ. Павлодар, "Қарағанды-3" ҮТК бір-бірден жеңіліске ұшырады.

I-ші лигада турнир кестесін "Andijan" (Өзбекстан), "AlgaExpress" (Алматы), "Prol00" (Алматы) басқаруда. Олардың артында "Қарағанды-2" ҮТК, "Жалын" (Шымкент) командалары келеді.

Чемпионат жалғасуда.


Талап Қойбағаров