Алматыда жас өспірімдер мен кадеттердің тоғыз командалары арасында үстел теннисі бойынша Қазақстан Ашық чемпионаты болып өтті. 16 жас (және одан жас) спортшылар еліміздің жас өспірімдер, жастар құрамасына ену құқығы үшін жарысты, тағы да өздерінің біліктіліктерін, шеберліктерін тексерді. Ең бастысы таңдаған спорт түріне жастардың өзін-өзі жетілдіруге, дағдыны меңгеруге ұмтылыстары көрініп тұрды.
Чемпионаттың
алғашқы күні командалық есепте алтын, күміс және қола медаль алғандар
анықталды. Бірінші орын «Rozeno»құрамында Есенкелді Рамазанов (Ақтау), Әбдірашид
Садуакас (Тараз), ЕрдосҚұралбай (Шымкент) бар. Екінші нәтиже көрсеткен команда «Шаңырақ
Арыстандары»,оның құрметін қорғағандар Ырысбек Артукметов (Шымкент), Абдул-Мәжид
Харки (Масанчы, Жамбыл облысы), Евгений
Тимченко (Алматы).2:2 есебімен финалдық кездесуде Ердос Құралбай драмалық
жекпе-жекте Абдул-Мәжид Харкиді 3:2-мен жеңді және «Rozenoға» чемпиондық
титулды әкелді. Үшінші құрмет тұғырына көтерілгендер «Бүркіт» клубының атынан Нұрдәулет
Нуғай (Орал), Абдулла Мамай (Түркістан облысы), Темірлан Әбіл
(Тараз).
Жеке жарыстарда
ерекшеленгендер Ырысбек Артукметов (1 орын, Шымкент), Есенкелді Рамазанов (2 орын,
Ақтау), Тимофей Герасименко (3 орын, Астана).
Талап
Қойбағаров