Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен "Ұлттық санаттағы төреші" атағы Арон Отарбаевқа берілді. Құттықтаймыз!
Қазақстандық спорт ардагері Арон Жаржанұлы үстел
теннисінде 46 жылдан бері - студенттік жылдары шұғылдана бастады,
"Буревестник" қоғамының турнирлеріне, облыстық, республикалық және бүкілодақтық
жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 1979 жылдан 2004 жылға дейін
"Локомотив" спорт қоғамы үшін өнер көрсетті, КСРО спорт шеберіне үміткер.
15 жылдан астам уақыт үстел теннисінен төреші болды, Қазақстан
чемпионаты мен ашық командалық чемпионаттың, республикалық жарыстардың
матчтарына үнемі төрешілік етеді.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Құрылыс
Инвест Компаниясы" ЖШС-те үстел теннисінен жаттықтырушы болып жұмыс
істейді.
Талап Қойбағаров