Көптен күткен матч француздың жеңісімен аяқталды

05.05.2024

Сауд Арабиясында жүлде қоры 2 миллион АҚШ долларын құрайтын үстел теннисінен «Saudi Smash» ірі халықаралық турнирі өтуде. 1/32 финалда Кирилл Герасименко (Қазақстан) әлемнің 5 - ші ракеткасы, командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа Ойындарының чемпионы - 17 жасар Феликс Лебрунмен (Франция) кездесті.

Қазақстандықтар мен француздар үшін көптен күткен матч Феликс Лебрунның жеңісімен аяқталды 3:1 (13:11, 7:11, 11:5, 11:4).


Талап Қойбағаров