Ақмола облысы үстел теннисі Федерациясының президенті болып - қалалық мәслихаттың VII шақырылым депутаты Дастан Әкімов тағайындалды.
Дастан Әкімов: "Спорттың
барлық ойын түрлерінің арасында үстел теннисі миллиондаған адамның жүрегін
жаулап алған әлемдегі ең танымал ойындардың бірі болып саналады. Біздің өңір
биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, шорт-трек, күрес түрлері, жеңіл
атлетикадан жақсы нәтижелермен танымал. Ақмола облысы үстел теннисінде де
бірте-бірте көшбасшы атануы үшін барлық күш-жігерімді саламын, ал ол үшін жағдай
бар: "Бұрабай" (Көкшетау) балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде үстел
теннисі бөлімі ашылды, республикалық Федерация бізге үстелдер, ернеулер,
Taraflex еден жабындарын берді, облыстың аға жаттықтырушысы тәжірибелі маман Күбеген
Саламатов болып табылады.
Терең талдау жүргізгеннен кейін, мүдделі мемлекеттік және
жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірде үстел теннисін дамыту бойынша
бағдарлама қабылдау қажеттілігі туралы ойлаймын. Болашақ жеңістердің кепілі
берік материалдық-техникалық база болып табылады және Көкшетау қаласында орталық
немесе арнайы үстел теннисі залын салу мәселесін шешу қажет. Көптеген қызықты
жоспарлар мен идеялар бар".
Талап Қойбағаров