Көптеген адамдар үшін күтпеген жағдай, бірақ тек жаттықтырушы үшін емес

24.10.2019

Түркістан қаласында үстел теннисі бойынша ел чемпионатында 2006 ж. т. және одан кіші спортшылар арасында бірінші медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Ұлдар арасындағы командалық жарыста қарағандылықтар жеңіске жетті. Өз құрамындағы 12 жасар спорт шебері Алан Құрманғалиевтың арқасында, шахтерлер өлкесінің теннисшілері жартылай финалға сенімді түрде жетіп, онда шымкенттіктермен кездесіп, олардан басым түсті, ал ақтық сында түркістандықтарды сенімді түрде жеңді. Қарағанды-чемпион (Алан Құрманғалиев, Әмір Торғайбеков, Матвей Князев, Дінислам Амангелді, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский)! Енді Алан Құрманғалиев жеке есепте, жұптық және аралас разрядтарда тағы да үш алтын медальға қол жеткізуді жоспарлап отыр. Екінші орында Түркістан (Абдұлла Мамай, Рамазан Нәзір, Нұржігіт Жолдыбай, Жеңіс Татаев, жаттықтырушылары Ержан Есімханов, Бакдәулет Сыздықов, Бекжан Танат), үшінші орында Шымкент (Заңғар Тағабек, Атхам Момынжанов, Ербек Абезов, Бакдәулет Абибұлла, жаттықтырушылары Нұрлан Оразбаев, Миряқұб Мирасланов, Әділет Қауымбаев).

Қыздар арасындағы чемпиондық Кубокты күтпеген жерден, бірақ тек астаналық жаттықтырушы Серік Мырзаспаев үшін емес, Алиса Цвигун, Алина Шайхина, Елизавета Лаврова, Полина Грошева жеңіп алды. Мұнда Түркістан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының құрамалары фаворит ретінде саналған еді, бірақ, Нұр-Сұлтан құрамасының жеңіске деген ерік-жігері барлық болжамдарды шатастырды.

Серік Мырзаспаев: "Алиса Цвигун көшбасшы, бірақ ол онысын сыртқа шығармайды, қарапайым. Сенімді және лайықты ойнады. Лиза Лаврова нағыз жауынгер, соңғы ұпайға дейін ойнайды. 0:2 есебімен жиі ұтылып жатып, соңында 3:2 есебімен жеңімпаз атанатын. Алина Шайхина жеке турнирге қарағанда командалық турнирлерде жақсы өнер көрсетеді. Нағыз командалық ойыншы. Полина Грошева өте тәрбиелі, көпке жағымды қыз. Барлығына көмектеседі және оны бәрі жақсы көреді, құрметтейді. Болашағы бар теннисші".

Күміс медальді жеңіп алғандар Шақзода Ахмедәлиева, Назым Серікбай, Гүлера Шавқатова, Гүлсая Абдәшім, жаттықтырушылары Ержан Есімханов, Шақрух Абдәзімов Түркістаннан. Қола жүлде Батыс Қазақстан облысында (Аружан Ілияс, Аружан Бекіш, Бекжаным Тұрашева, жаттықтырушылары Гүлчехра Құсейінова, Владислав Кузьмин).

Қазақстан чемпионаты жалғасуда.


Талап Қойбағаров