Коронавирустан жазылып шықты

02.05.2020

46 жастағы үстел теннисінің шебері Артур Крамарчик (Польша) көп жылдар бойы Польша және Чехия лигаларында өнер көрсетіп келеді. Наурыз айының басында Брунталь қаласында (Чехия) өткен турнирден кейін ол өзін әлсіз сезінді, COVID-19 тестін тапсырды, ол оң нәтиже көрсетті. Рацибуж қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында Артур Крамарчик екі апта емделіп, оған күтім жасалды және ол сауықты. Енді теннисші басқа адамдарға көмектесуді қалайды, ол донорлық орталықта қан тапсырды (антиденелері бар плазма коронавируспен күресте өте маңызды).

Denik.cz материалдары бойынша