Кореядағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қорытындысы

10.09.2023

Пхенчхан қаласында (Корея) 8 күн бойы өткен үстел теннисінен XXVI жеке-командалық Азия чемпионаты аяқталды. Дәстүр бойынша 7 алтын медаль жеңіп алған қытайлық спортшылар өте жақсы өнер көрсетті. Сондай-ақ, Корея, Тайбэй, Жапония, Гонконг, Үндістаннан келген жарыстың жүлдегерлері құрмет тұғырына көтерілді.

Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамалары командалық турнирде сәтті өнер көрсетті-ширек финалға дейін жетті және 2024 жылғы командалық әлем чемпионатына жолдама алды. Құттықтаймыз!

Ерлер, командалар.

1 орын: Қытай (Париж-2024 олимпиадасына лицензия)

2 орын: Тайбэй

3 орын: Оңтүстік Корея

3 орын: Үндістан

8-ші орын Қазақстан (2024 жылғы командалық әлем чемпионатына лицензия).

Әйелдер, командалар.

1 орын: Қытай (Париж-2024 олимпиадасына лицензия)

2 орын: Оңтүстік Корея

3 орын: Жапония

3 орын: Гонконг

8-ші орын Қазақстан (2024 жылғы командалық әлем чемпионатына лицензия).

Ерлер, жеке турнир.

1 орын Ма Лонг (Қытай)

2 орын Фан Жендонг (Қытай)

3 орын Лин Юн-Джу (Тайбэй)

3 орын Лян Цзинкунь (Қытай)

1/16 финалға Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев шықты.

Әйелдер, жеке турнир.

1 орын Ван Манью (Қытай)

2 орын Сан Инша (Қытай)

3 орын Чен Синтун (Қытай)

3 орын Ван Йиди (Қытай)

1/16 финалда Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова ойнады.

Ерлер, жұптық разряд.

1 орын Фан Жендонг/Линь Гаоюань (Қытай)

2 орын Ма Лонг/Ван Чуцинь (Қытай)

3 орын Чан Уджин/Лим Джонхун (Корея)

3 орын Ан Джэхён/Парк Канхён (Корея)

Әйелдер, жұптық разряд.

1 орын Ван Манью/Чен Мэн (Қытай)

2 орын Сан Инша/ Ван Йиди (Қытай)

3 орын Кихара Миюу/Нагасаки Мию (Жапония)

3 орын Шин Юбин/Чон Джихи (Корея)

1/8 финалда Зәуреш Ақашева/Анастасия Лаврова және Сарвиноз Мирқадірова/Ангелина Романовская өнер көрсетті.

Аралас разряд (микст).

1 орын Линь Гаоюань/ Ван Йиди (Қытай)

2 орын Лян Цзинкунь/Цянь Тяньи (Қытай)

3 орын Лин Юн-Джу/Чен Сы-Ю (Тайбэй)

3 орын Лим Джонхун/Шин Юбин (Корея)

1/16 финал: Кирилл Герасименко/Анастасия Лаврова және Айдос Кенжеғұлов/Зәуреш Ақашева.

Талап Қойбағаров