Нұр-Сұлтанда ҚР Конституциясы күніне арналған үстел теннисінен ашық турнир өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша салтанатты рәсімде қалалық үстел теннисі Федерациясының президенті Руслан Мағзұмов барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, жанкүйерлерді, төрешілер корпусын, сондай-ақ жаттықтырушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтады: "Конституцияны қабылдау біздің азаматтарымыздың құқықтарын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды, Қазақстанның дамуына және оның халықаралық беделін арттыруға ықпал етті. Конституция - бұл тек жақсы ниеттердің декларациясы ғана емес, нақты жұмыс істейтін құжат. Баршаңызға зор денсаулық, жоғары спорттық жетістіктер, еңбекте табыс және туған Қазақстанның жарқын болашағына сенім тілеймін!».
Екі күндік шайқастардан кейін келесі нәтижелер тіркелді:
Ерлер.
1 орын-Дастан Кенжеғұлов (Орал)
2 орын-Ырысбек Артықметов (Шымкент)
3 орын - Владислав Захаров (Қарағанды)
Әйелдер.
1 орын-Сарвиноз Мирқадырова (Шымкент)
2 орын-Ангелина Романовская (Екібастұз)
3 орын-Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды)
Қалалық Федерация сондай-ақ келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды
марапаттады:
"Ең әсерлі ойын" - Тимофей Герасименко (Нұр-Сұлтан)
"Ең жас қатысушы" - Даниал Қанатбаев (Нұр-Сұлтан)
"Ең жасы үлкен қатысушы" - Валерий Фадеев (Щучинск)
"Үздік техника" - Александра Смирнова (Қарағанды)
"Fair Play" - Марат Асқаров (Павлодар).
Спорт төрешілеріне де құрмет грамоталары табыс етілді.
Турнирді бас төреші Сергей
Литвинов қорытындылады:
"Қатысушылар құрамы өте көрнекі болды, халықаралық дәрежедегі
спорт шеберлері, спорт шеберлері, республиканың ұлттық, жастар және жасөспірімдер
құрамаларының мүшелері ойнады. Барлық жанкүйерлер қызықты матчтарды тамашалаудан
ләззат алғанына сенімдімін. Теннисшілер бізді жақсы орындаушылық шеберлігімен және
техникасымен қуантты. Турнир жақсы өтті! Қалалық үстел теннисі Федерациясына
оны ұйымдастырғаны үшін рахмет".
Талап Қойбағаров