Командалық жарыстың көшбасшылары анықталды

09.10.2019

Оралда 1998 ж. т. және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды. Бүгін командалық турнирде қарағандылықтар: 12 жасар Алан Құрманғалиев, 13 жасар Әмір Торғайбеков, 15 жасар Темірлан Ким және 17 жасар Артем Орел өздерінің жауынгерлік көңіл-күйдерімен аздаған сенсация жасады, олар өздерінің қызықты ойындарымен жартылай финалға жетіп, үшінші орынға ие болды (жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский). Сондай-ақ, болашағы зор Шығыс Қазақстан облысы құрамасының ойыншылары Сағынтай Құрмамбаев, Сергей Коновалов, Арнұр Оралханов, Ақнұр Нұртазин (жаттықтырушысы Ольга Архипова) тамаша теннис көрсетіп, лайықты үшінші нәтижеге ие болды.

Финалға өтіп және ақтық сында Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының кіші ракетка шеберлері чемпиондық кубогты сарапқа салатын болады.

Қыздар арасындағы жартылай финалда чемпионат иелері қарағандылықтармен, ал астаналық спортшылар шымкенттіктермен кездеседі.


Талап Қойбағаров