Клубтық чемпионаты басталды

22.05.2018

Алматыда үстел теннисінен жоғарғы лига ерлер клубы арасында еліміздің ашық чемпионатының бірінші туры басталды. Он ойынның тоғызында жеңіске жеткен қостанайлықтар Ғаиып Данияров, Самат Бейсенов, Данияр Ескендіров, Қанат Қонқубаев, Диас Мақановтар көшбасшылар қатарына шықты. «Азия Микс» (Бішкек) спортшылары екінші орынды иеленді, үшінші орында «Орал» (Орал қ.) спорттық клубының теннисшілері жайғасты. Турдың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің ізінше «Ардагер» (Алматы), Шымкент, «Каспий» (Манғыстау облысы), «Ертіс» (Павлодар), Хван Ман Гым-2 (Өзбекстан), «Шаңырак Арыстандары» (Алматы), СДЮШОР (Оңтүстік Қазақстан облысы) спортшылары келе жатыр. Екінші турда 27-30 маусыда Алматыда Қазақстан үстел теннисі Федерациясының залында өтетін болады.

Суретте: қостанайлықтар – бірінші турдың жеңімпаздары.


Талап Қойбағаров