Көктем мерекесіне сыйлық, табиғаттың жаңаруы

23.03.2019

Маскатта (Оман Сұлтанаты) Challenge Plus сериясындағы үстел теннисі бойынша әлемдік турда плей-оффтың негізгі торында жекпе-жектер басталады. Араб түбегінің оңтүстік-шығысында, қазақстандықтардың қайсысы жарысты жалғастыратын болады? Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверзевтің пікірі: «Екі күн біліктілігі өтті және Наурыз айында біз Challenge сериясындағы жарыста бұрын болмаған бірінші кезеңді еңсердік. Өзімізге және қазақстандық жанкүйерлерге көктем мерекесіне, табиғаттың жаңаруына жақсы сыйлық жасадық.

Кіммен ойнаймыз? Аралас жұп Айдос Кенжеғұлов-Зәуреш Ақашева Үндістандық дуэт Десай Хармеет – Паткар Мадхурикамен таласқа түседі. Әйелдер жұбы Гүлчехра Құсейінова-Анастасия Лаврова жапондықтар Хасимото Хонок-Сато Хитомиге қарсы сапалы теннис көрсетуге тырысады. Интернационалдық команда Зәуреш Ақашева – Магдалена Шикорская (Польша) мысырлықтар Абдел Фарах – Ел Ераку Рееммен ойнайды, мен онда біздің мықты сегіздікке кіруімізді күтемін.

Жеке разрядта Настя Лаврованың қарсыласы әлемнің 14-ші ракеткасы Шибата Саки (Жапония) болды. Денис Жолудевтің шеберлігін бельгиялық Флорент Ламбиет тексереді.

Кирилл Герасименконың алаңда Еуропа командалық чемпионатының күміс және қола жүлдегері, тәжірибелі Павел Платоновқа (Беларусь) қарсы шығуын күтеміз».

Талап Қойбағаров