Кіші ракетка шеберлері мен әуесқойларының кездесу орны

28.01.2021

Өткен аптада республикалық үстел теннисі Федерациясының Ақтөбе облысындағы филиалының жаңа төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров олимпиадалық спорт түрі үшін оңтайлы жағдай жасау, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу, құрал жабдықтарды сатып алу, кез келген деңгейдегі жарыстарда табысты өнер көрсету үшін ракетка шеберлерін даярлау жоспарлары туралы айтып берді. Ағымдағы жылы Ақтөбеде ауданы 3820 шаршы метрлік үстел теннисі орталығын салу міндеті қойылды.

Руслан Хамбаров: "Орталық залында 16 үстел, көрермендерге арналған 450 орындық трибунаны және ауысымына шамамен 640 теннисшіні орналастыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда тек республикалық жарыстар ғана емес, сонымен қатар ITTF әлемдік турларын өткізу үшін барлығы заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Біздің өңір үшін осындай маңызды жобаны іске асыру облыс тұрғындары арасында үстел теннисін танымал етуге айтарлықтай серпін беретініне сенімдімін. Қазір жобалық-сметалық құжаттама бойынша жұмыстар жүргізілуде, ал наурыз айында нысанның құрылысына кірісеміз. Үстел теннисі орталығы демеушілікке жергілікті компанияларды тарта отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ретінде бюджеттен тыс қаражатқа салынатын болады".


Талап Қойбағаров