Пусандағы үстел теннисінен әлем чемпионатында жарыстың финалдық бөліміне шығу үшін кіші топтардағы матчтар жалғасуда. Бүгін Қазақстанның ерлер құрамасы өте мықты қарсыласпен кездесті - Олимпиада ойындарын қоса алғанда, барлық ірі турнирлерде медальдар жеңіп келген Германия командасы. Біздің үмітіміз Кирилл Герасименкомен байланысты болды және ол біздің үмітімізді ақтады.
Алдымен ол - Әлем Кубогының иегері, Олимпиада Ойындарының
алты дүркін жүлдегері, Әлем және Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері,
әлемнің экс-бірінші ракеткасы Дмитрий Овчаровтың өзін 3:1 есебімен сенімді түрде
жеңді.
Содан кейін, 0:2 есебімен жеңіліп жатып, командадағы Әлем
чемпионатының күміс жүлдегері, үш дүркін Еуропа чемпионы, екі дүркін Еуропа
Ойындарының чемпионы Цю Данға
қарсы ерік-жігерлі жеңісті рәсімдей алды. Иә, мұндай жеңістер қазақстандық жанкүйерлердің
жадында ұзақ сақталады.
Ерлер, Қазақстан-Германия 2:3.
Алан
Құрманғалиев - Цю Дан 0:3;
Кирилл Герасименко - Дмитрий Овчаров 3:1;
Айдос Кенжеғұлов - Патрик Франциска 0:3;
Кирилл Герасименко - Цю Дан 3:2;
Алан Құрманғалиев - Дмитрий Овчаров 0:3.
Әйелдер, Қазақстан-Австрия 0:3.
Зәуреш Ақашева
- София Полканова 0:3
(екі дүркін Еуропа чемпионы);
Сарвиноз Мирқадірова – Лю Цзя
0:3 (Еуропа чемпионы, алты Олимпиада Ойындарының қатысушысы);
Анастасия Лаврова - Каролина Мишек 1:3.
Талап Қойбағаров, Пусан қ. (Корея)