Кириллдің жеңістік бастамасын қолдай алмады

28.09.2020

Үстел теннисінен кезекті турлар Германия және Австрия чемпионаттарында өтті, онда қазақстандықтар Кирилл Герасименко ("Werder"), Айдос Кенжеғұлов ("Badener") өнер көрсетеді. Бремендік "Werder" клубы Фульде қаласында "TTC RhönSprudel Fulda-Maberzell" клубымен ойнады. Екі клубта бірінші турда өз қарсыластарына еселерін жіберіп алған еді, олар бүгінгі матчта турнирлік кестедегі орындарын түзетуге тырысты. Матчты Кирилл Герасименко - Рувен Филус бастады, ол төрт дүркін Еуропа чемпионы, командалық есептегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қазақстан құрамасының көшбасшысы кездесуді сенімді түрде өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Әрі қарай, өкінішке орай, тек Маттиас Фальк (Швеция) "Werder" клубына ұпай алып келді, ал Хунор Сеч (Румыния), Марсело Агирре (Италия) жұптық разрядта алаң иелеріне жол берді және Кирилл Герасименконың клубы чемпионатта екінші рет жеңіліс тапты, 2:3.

Австриялық Бундеслигада "Badener" клубы Капфенберг қаласына Айдос Кенжеғұловсыз және ирандық Амин Ахмадиансыз келді, оларда визаның қолданылу мерзімі аяқталған еді, ал жаңалары әлі дайын емес. Әлсіреген құраммен "Badener" клубы "KSV HiWay Grill Kapfenberg" клубына 0:4 есебімен ұтылып қалды.

Талап Қойбағаров