Кирилл соңына дейін шайқасты

27.07.2021

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында үстел теннисінің әуесқойлары үшін көптен күткен матч өтті: Кирилл Герасименко (Қазақстан) - Тимо Болл (Германия). Біздің Кирилл - халықаралық деңгейдегі шебер, жоғары дәрежелі теннисті тұрақты көрсетіп келеді және бүгін ол неміс спортшысымен кездескен кезде, Тимо Боллдың неге мұндай атақтарға ие екеніне тағы да бір рет көз жеткіздік - ол командалық біріншіліктегі Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері, жеке разрядтағы әлем кубогының екі дүркін жеңімпазы, әлем чемпионаттарының 8 дүркін жүлдегері, Еуропаның 20 дүркін чемпионы, Еуропалық ойындардың екі дүркін чемпионы, жеке разрядтағы әлемнің экс-бірінші ракеткасы. Есеп 1:4 (11:7, 6:11, 7:11, 2:11, 1:11). Кирилл соңына дейін шайқасты, бірінші партияны жеңіп алды, екінші және үшінші сеттерде шайқас берді, шайқастың қолайлы нәтижесінен үміт үзбеді, бірақ мұның бәрі Тимо Боллға қарсы жеткіліксіз болды.

Талап Қойбағаров