Шэньчжэндағы «Платина» элиталы әлемдік турының кезеңіндегі Қазақстанның жалғыз өкілі негізгі торға шыға алмады. Біліктілік екінші айналымында Кирилл 0:4 (-8, -7, -10, - 6) есебімен Дарко Йоргичке есесін жіберіп алды. Матчтан кейін Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия) былай деп атап өтті: «Кирилл жинақтала алмады, өзі көп қате жіберді. Көзінде от ұшқыны жоқ. Бұл маусым өте ұзақ. Менің ойымша, біраз үзіліс қажет».
Талап Қойбағаров