Кирилл Герасименко, Сарвиноз Миркадирова және Зауреш Акашева әлем чемпионатында өнер көрсетеді

10.02.2025

17-25 мамыр аралығында Катарда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді, онда спортшылар жеке есепте, ерлер мен әйелдердің жұптық разрядтарында, миксте (аралас жұптар) медальдар үшін күреседі.

Жекелей жарыстарда 128 теннисші өнер көрсетеді, оның ішінде іріктелген 32 ойыншы, ал жұптық турнирлерде 64 жұп өнер көрсетеді, оның ішінде іріктелген 16 ойыншы.

Қазақстанның атынан Катарда Кирилл Герасименко жеке есепте, сондай-ақ Сарвиноз Миркадирова/Зауреш Акашева әйелдер жұбында сайысқа түседі.


Талап Қойбағаров