Дурбан қаласында (Оңтүстік Африка) үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр және қазақстандықтардың арасында тек Кирилл Герасименко ғана ракеткасын әлі қаптаған жоқ, ол 23 мамырда 1/32 финалда Африканың жеті дүркін чемпионы Омар Ассармен (Мысыр) ойнайды.
Біздің спортшылардың қатысуымен өткен матчтардың нәтижелерін еске салайын:
Кирилл Герасименко - Амин Ахмадян (Иран) 4:1;
Кирилл Герасименко/Алан Құрманғалиев - Әли
Альхадрави/Абдұлазиз Бу Шулайби (Сауд Арабиясы) 3:1;
Айдос Кенжеғұлов/Зәуреш Ақашева - Тео Когил/Зодва Мафанга (Оңтүстік
Африка) 3:0;
Сарвиноз Мирқадірова - Анна Вегржин (Польша) 1:4;
Анастасия Лаврова - Камилла Лутц (Франция) 0:4;
Зәуреш Ақашева - Мима Ито (Жапония) 0:4;
Зәуреш Ақашева/Анастасия Лаврова - Аннетт Кауфманн/Сабина Винтер (Германия) 1:3;
Денис Жолудев/Сағантай Құрмамбаев - Хармит Десай/Мануш Утпалбхай Шах (Үндістан) 0:3;
Кирилл Герасименко/Анастасия Лаврова - Трулс
Морегард/Кристина Каллберг (Швеция) 0:3;
Айдос Кенжеғұлов/Зәуреш Ақашева - Лим Джонхун/Шин Юбин (Корея) 0:3;
Кирилл Герасименко/Алан Құрманғалиев - Фан Жендонг/Ван Чуцин (Қытай) 0:3.
Әлем чемпионаты жалғасуда.
Талап Қойбағаров