Кирилл Герасименко: "Міндет біреу - кіші топтан шығу, қазақстандықтарды өз ойынымен қуанту"

15.02.2024

16-25 ақпан аралығында Пусанда (Корея Республикасы) үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы бүгін екі жаттығу өткізіп, алғашқы матчтарға дайындалуда: 16 ақпанда ерлер саудиялықтармен, ал әйелдер австралиялықтармен ойнайды.

Кирилл Герасименко: "Біздің кіші топта Германия, Англия, АҚШ, Сауд Арабиясы - әлсіз қарсыластар жоқ. Мен физикалық жақсы, шыныққан ойын түріндемін және командаға ең көп ұпай беруге тырысамын.

Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжегұлов, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов жарысқа аттанды. Міндет біреу - кіші топтан шығу, турнир кестесінде мүмкіндігінше жоғары көтерілу, қазақстандықтарды өз ойынымызбен қуанту".


Әлем чемпионатының ұйымдастырушыларына қажетті жұмыстың үлкен көлемін орындап жүрген еріктілер көмек көрсетуде, олардың арасында Саяна Маратова бар. Ол Астанадан шыққан, төртінші жыл Кореяда тұрып жұмыс істейді, Пусан Ұлттық Университетін бітірген.


Саяна Маратова: "Мұнда Қазақстан құрамасын көргеніме өте қуаныштымын. Мен өз еліме жеңіс пен сәттілік тілеймін!».


Талап Қойбағаров, Пусан қаласы (Корея).