Кирилл Герасименко мансабында үшінші рет Олимпиада ойындарына жолдама алды

12.06.2024

Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж-2024 Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия иегері атанды.

Герасименко іріктеу кезеңінде көптеген рейтингтік турнирлерден өтіп, қажетті ұпай санын жинап, кейіннен Олимпиадада Қазақстанның атынан өнер көрсету құқығын жеңіп алды. (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының әлемдік рейтингі жаңартылғаннан кейін Герасименко Олимпиадаға әлі іріктелмеген Азия спортшылары арасында ең жоғары орынға ие болды.


"Бұл жетістік заңдылықты. Осы нәтиже-көпжылдық жұмыстың, табандылықтың және, әрине, Кириллдің жеңіске деген шексіз ұмтылысының нәтижесі.

Бүкіл олимпиадалық цикл барысында Кирилл Герасименко жоғары нәтижелер мен шеберлікті көрсетті, нәтижесінде оған Олимпиада ойындарына қайта қатысуға мүмкіндік берді.

Бұл біздің бүкіл спорт түріміз үшін үлкен жеңіс. Кириллді және барлық үлкен команданы осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймын және Олимпиада ойындарына табысты дайындалуды тілеймін", - деді Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Абулгазин.


Айта кету керек, Герасименко өзінің мансабында үшінші рет Олимпиада ойындарына жолдама алды. Ол бұрын Рио-2016 және Токио-2020 ойындарының қатысушысы болған.

Алдағы Олимпиадада үстел теннисінен жарыс 27 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.