Кирилл Герасименко әлем чемпионатының 1/16 финалында

20.05.2025

Бүгін үстел теннисінен әлем чемпионаты жалғасып жатқан Катарда біздің құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко қазақстандық жанкүйерлерді қуантты. Ол Азия чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Хирота Синозукамен (Жапония) кездесіп, оны есеппен қызықты күресте жеңді 4:2 (4:11, 11:5, 12:14, 11:8, 13:11, 11:8) және бірінші рет 1/16 финалға шықты. Құттықтаймыз!

Біздің келесі қарсыласымыз Уго Кальдерано (Бразилия) - 2025 жылғы Әлем кубогының иегері. Жерлесімізге сәттілік тілейміз.








Талап Қойбағаров, Доха қ.