Кирилл Герасименко "Europe Smash - Sweden" турнирінде

15.08.2025

17 тамызда Мальмё қаласында (Швеция) "Europe Smash - Sweden" өкілдік турнирінің негізгі торында матчтар басталады, онда үстел теннисінің жұлдыздары Линь Шидун (Қытай, әлемдік рейтингте № 1), Уго Кальдерано (Бразилия, № 3), Томокази Харимото (Жапония, № 4), Лян Цзинкунь (Қытай, № 5), Трулс Морегард (Швеция, № 6), Дарко Йоргич (Словения, № 8), Сян Пэн (Қытай, № 9), Бенедикт Дуда (Германия, № 10), Лин Юн-Джуна (Қытайдың Тайбэйі, № 11) және тағы да басқалары өнер көрсетеді.

Қазақстанның атынан Кирилл Герасименко (№ 80) өнер көрсетеді.

Жүлде қоры USD 1,550,000


Талап Қойбағаров