Кирилдың жеңісті шеруі!

09.02.2020

Әлемнің 43 елінен келген 290-нан астам спортшы үстел теннисінен Испанияның ашық чемпионатына (ITTF Challenge, Гранада қаласы) қатысты, ол Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименконың (Нұр-Сұлтан қаласы) салтанатты жеңісімен аяқталды. Құттықтаймыз!

Неміс ойыншысы Бенедикт Дудаға қарсы финалдық ойынға жету үшін біздің жерлесіміз Словенияның (Александр Валуш, 4:0), Италияның (Михай Бобочика, 4:0), Австрияның (Андрей Левенко, 4:1), Испанияның (Альваро Роблес, 4:0), Германияның (Штеффен Менгель, 4:1) мықты, атақты, түрлі жоспарлы ойыншыларымен бес кездесу өткізді. Ал бірінші орын үшін қызықты ойында Кирилл Бенедикт Дуданы 4:3 есебімен жеңді.

Кирилл Герасименко: "Испания чемпионатынан алған әсерім оң, жарыс жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Бәрінен де, маған бұл жерде күннің болғаны ұнады, ол маған оң қуат берді, мен ойынға жақсы көңіл-күймен шықтым. Альваро Роблес пен Штеффен Менгельге қарсы кездесулер қызықты болды. Мен әдемі және бірсарынсыз ойнауды жақсы көремін, бірақ әр сетті басынан бастап соңына дейін алып жүру өте қиынға соқты. Финалда психологиялық тұрғыдан қиын болды, өйткені Дуда менің ойын стилімді жақсы біледі және бұған дейін ол мені ұтқан болатын. Мен өз жеңісіме сендім және ол маған келді. Барлықтарыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын, алға жылжу үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Алға Қазақстан!".

Талап Қойбағаров