Көңілді басталды

24.05.2023

Шымкенттегі үстел теннисі орталығында Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстанның екі жүз он спортшысы бақ сынасатын Ақпан Батырды еске алуға арналған III-ші ашық турнир басталды. Сейсенбіде командалық жарыстар өтті және оның нәтижелері келесідей:

Ұлдар.

1 орын «Хван Ман-Гым» (Өзбекстан, Шохрух Искандаров, Темірбек Нұрмонов) клубы:

2 орын «Қазақстан-1» (Ырысбек Артықметов, Қасым Нұрислам, Дулат Ералхан);

3 орынды "Қазақстан-3" пен Қарағанды өзара ұтысқа салады. Матч 24 мамырда өтеді.

Қыздар.

1 орын Қарағанды (Арай Әшкеева, Виктория Мочалкина, Дарья Фу);

2 орын "Қазақстан-1" (Ангелина Романовская, Аққу Темірханова);

3 орынды "Хван Ман-Гым" (Өзбекстан) және Түркістан ұтысқа салады.


Талап Қойбағаров