Хорватиядағы WTT Contender

23.06.2025

Загребте (Хорватия) 24-29 маусым аралығында "WTT Contender Zagreb" ірі халықаралық турнирі өтеді, оған әлемдік үстел теннисі жұлдыздары Томокази Харимото (Жапония, ITTF рейтингінде № 4), Сян Пэн (Қытай, № 9), Дарко Йоргич (Словения, № 10), Бенедикт Дуда (Германия, № 11), Ан Джэхён (Корея, № 17), Ох Джунсунг (Корея, № 19) қатысады.

Қазақстанның атынан үш спортшы өнер көрсетеді, олар турнирді біліктіліктен бастайды:

Дастан Кенжигулов - Сюй Хайдун (Қытай),

Айдос Кенжигулов - Джошуа Стейси (Уэльс),

Санжар Жубанов - Сендрик Мейсснер (Германия).


Талап Қойбағаров