Хорватиядағы өкілдік турнир

11.06.2026

Загребте (Хорватия) 9-14 маусым аралығында Кирилл Герасименко, Фанг Бо, Айдос Кенжеғұлов, Абдулла Мамай, Санжар Жұбанов және Ескендір Харкидің қатысуымен "WTT Contender Zagreb" үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді. Біздің спортшылар келесі қарсыластарымен жекпе-жекте іріктеу кезеңін бастайды:

Кирилл Герасименко - Чуа Джош (Сингапур) - Сатоши Аида (Жапония) жұп жеңімпаздары.

Фанг Бо - Снехит Сураваджула (Үндістан).

Айдос Кенжеғұлов - Ронит Бханджа (Үндістан).

Санжар Жұбанов - Андрей Мркич (Хорватия).

Абдулла Мамай - Кристофер Крамер (Австрия).

Ескендір Харки - Дин Шу (Жаңа Зеландия).


Талап Қойбағаров