Вараждин қаласында (Хорватия) WTT Youth Contender Varazdin үстел теннисінен халықаралық турнир өтуде. U13 жас санатында Қостанайдан келген Жәния Бекмұхамбетова (жаттықтырушы Юлия Даниярова) күміс медаль жеңіп алды.
Ол Эму Калужа (Словения) 3:0, Зита Петрович (Хорватия) 3:0, Сара Серпа (Румыния) 3:0, Стелла Пресецки (Хорватия) 3:0, Линь Цзяцзюнь (Сингапур) 3:0, Изабела Пастин (Румыния) 3:0 есебімен жеңіп, ал Лизетт Фазекашқа жол берді (Хорватия) 1:3.
Құттықтаймыз!
Талап Қойбағаров

