Халықаралық төрешілер қатарына енді

04.11.2024

Осы күндері үстел теннисінен 13 қазақстандық төреші жоғары кәсібилік пен шеберлікті көрсете отырып, ITTF халықаралық санатына ие болды. Олардың қатарында астаналықтар Айман Капарова, Адиль Абельдинов, Куаныш Абдрахманов, Людмила Анисимова, Бакзада Байжан, Карлыгаш Ишкенбаева, алматылықтар Ши Пынчин, Ділназ және Гүлназ Жалалдин, Жаксыкуль Садыкова, қарағандылық Бекзат Аубакиров, сондай-ақ Сәтпаевтан Рашид Габиев және Атыраудан Саламат Кабидаев бар.

Бұл жаңа мәртебе онлайн емтихандардан сәтті өтудің және арнайы семинарларға қатысудың нәтижесі болды. Соңғы жылдары олар тек республикалық турнирлерге ғана емес, сонымен қатар Азия чемпионаты, «ITTF Kazakhstan International Open Karaganda», «WTT Contender Almaty», «WTT Youth Contender Almaty», ҚР ашық командалық чемпионаты сияқты ірі халықаралық жарыстарға да қызмет көрсетті.

Біздің төрешілерді осы жетістіктерімен құттықтаймыз және төрешілік мансапта одан әрі табыстар тілейміз!


Бүгінгі таңда Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының тізілімінде 30 төрешінің халықаралық санаты бар.



Талап Қойбағаров