Халықаралық үстел теннисі Федерациясының мұражайы Лозаннадан Шанхайға көшті

04.04.2018

(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы, Қытай үстел теннисі мұражайымен бірлесе отырып Шанхайда ресми түрде өз мұражайын ашты. Бастапқыда ол Швейцарияның Лозаннасында орналасқан болатын, ал енді салтанатты түрде Шанхайда ресми тұлғалардың үлкен делегациясымен ашылып отыр,ITTF президенті Томас Вайкертпен қоса, сондай-ақ әйгілі спортшылар тобы - Чжань Инин, Ванг Ликин, Йорген Перссон және Ли Сяося сияқтылар. «Бұл жерге қатысу – мен үшін үлкен мәртебе болып табылады», деп сөзімен бөлісті Томас Вайкерт. «Мен шын жүрекпен, бұл мұражай арқылы біз үстел теннисінің мәдениетін және оның рухын бүкіл әлем бойынша алға қарай жылжытуымыз мүмкін деп үміттенемін. Қытай біздің спортымызға көп нәрсе берді, сондықтан да біз мұражайды Лозаннадан Шанхайға ауыстыруды шештік. Бұл жерде, біз сенетіндей мұражайдың үстел теннисін барлығына танымал етуге үлкен мүмкіндіктермен артықшылықтары бар».

Мұражайда 8000 астам жәдігерлер бар. Оның ішінде – үстел теннисінің даму тарихы туралы баяндайтын эксклюзивті құрал-жабдықтар мен заттар – мысалға, әлемдегі бірінші ракетка, сонымен қатар әйгілі ойыншылардың заттары (мысалы – Чжана Цзикенің кроссовкасы) бар. ITTF әр чемпионат және Әлем Кубогы сайын жәдігерлер коллекциясын толтырып отыруды жоспарлауда деп, Томас Вайкерт атап өтті.

Мұражай төрт этажда орналасқан, көрме залдардан басқа, ол өзіне үстел теннисінің даңқ залын қосады, 3D-кинотеатр және сондай-ақ келушілер шынайы виртуалдық технологиялардың көмегі арқылы әлем чемпиондарымен күш сынасуға арналған интерактивті аймақтары бар. Мұражайға үнемі әйгілі ойыншылар мен мамандар келеді, және олармен сөйлесуге де болады деп жоспарлануда.



ITTF материалдары бойынша