1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Үстел теннисі орталығында жас спортшыларға арналған ашық жаттығу сессиясы мен шеберлік сабағы өтті. Іс-шара Samruk Kazyna және Sport Qory ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылып, үстел теннисімен айналысатын 40 баланың басын қосты.
Шеберлік сабағын Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Александр Николаевич Петкевич Үстел теннисі орталығының жаттықтырушыларымен бірге өткізді.Іс-шара бағдарламасына жалпы қыздыру жаттығулары, арнайы жаттығу жұмыстары, үстел теннисінің негізгі элементтерін көрсету, жаттықтырушылардың қатысуымен ойын және интерактивті тапсырмалар, сондай-ақ балалармен ойын форматындағы жеке жұмыстар енгізілді.
Ерекше назар техника мен үйлесімділікті дамытуға, балаларды спорттық орта мен командалық рухқа баулуға аударылды. Қатысушылар үшін достық әрі мерекелік атмосфера ұйымдастырылып, шеберлік сабағының соңында балаларға арналған фуршет ұсынылды.
Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақ арасында үстел теннисін насихаттауға, балалар спортын қолдауға және жас спортшылардың дамуына мүмкіндік жасауға ықпал етеді.





