Кез-келген жастағы медальдар жағымды

26.06.2022

Өскеменде өтіп жатқан үстел теннисінен ардагерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін әйелдер арасынан жүлдегерлер анықталды - "алтынды" Әлия Жанпейісова (Нұр-Сұлтан), "күмісті" Ольга Данилова (Өскемен), "қоланы" Гүлім Елдісбаева (Ақтау) жеңіп алды. Жексенбіде ерлер арасындағы чемпиондар мен жүлдегерлер белгілі болады.

Финал, 40-49 жас:

Максим Мухин (Шығыс Қазақстан облысы) - Жандос Құрсабаев (Алматы облысы).

Финал 50-59 жас:

Күбеген Саламатов (Ақмола облысы) - Николай Киселев (Шығыс Қазақстан облысы).

Финал 60-64 жас:

Ерлан Әнуарбеков (Нұр-Сұлтан) - Есен Қожамқұлов (Қарағанды облысы).

Финал 65-69 жас:

Сергей Сбоев (Солтүстік Қазақстан облысы) - Артур Ли (Алматы).

Финал 70 жас және одан жоғары:

Мақатай Рамазанұлы (Маңғыстау облысы) - Владимир Пешков (Шығыс Қазақстан облысы).




Талап Қойбағаров