Кетіп бара жатқан поездың соңғы вагонына қарғып міну

01.06.2018

Биылғы маусым үстел теннисі әлеміндегі спорттық оқиғаларға бай. Қазақстанда және шетелде көптеген қызықты турнирлер, чемпионаттар күтілуде. Әрине, оның ішіндегі ең бастысы – Осы жылдың қазан айының 6-8 жұлдызы аралығында Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдер Олимпиада Ойындарына қатысушыларды анықтау біліктілік турнирі болып табылады. Бұл Аргентинаның астанасына жолдаманы ұтып алуға болатын соңғы жарыстар, және біз қазан айының 8-9 күндері қазақстандықтар Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева (суретте) Тынық мұхиттың Раротонга аралында сәтті ойын көрсетіп, кетіп бара жатқан поездың соңғы вагонына қарғып мінетіндеріне біз сенеміз.

10 маусым - 20 маусым.Алматыда үстел теннисі республикалық Федерациясының залында жаттықтырушы-кеңесші Дмитрий Левенконың (Австрия), құраманың бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваның, құраманың аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверзевтың, жастар командасының аға жаттықтырушысы Самат Бейсеновтыңжәне жасөспірімдер мен кадет құрамаларының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченконың басшылығымен жастар және жасөспірімдер арасында елдің ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтеді.

21 маусым - 24 маусым.Қазақстанның ерлер ашық клубтық чемпионаты, Жоғары лига, 2 тур, Алматы қаласы.

25 маусым - 27 маусым.Қазақстанның әйелдер ашық клубтық чемпионаты, 2 тур, Алматы қаласы.

28 маусым - 1шілде.Қазақстанның ерлер ашық клубтық чемпионаты, Супер лига, 2 тур, Астана қаласы.

Талап Қойбағаров