Керемет жұмыс жасадық

16.05.2021

Қарағандыдағы "Saryarka" үстел теннисі орталығында Қазақстан ұлттық командасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды және оның нәтижесін біздің құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия) қорытындылады: "ОЖЖ өте жақсы өтті. Оңтайлы жағдайлардың арқасында - тамаша зал, бір шаңырақ астындағы және кез келген ыңғайлы уақыттағы фитнес пен регенерация үшін барлық мүмкіндіктер, жақсы үстелдер, доптардың жеткілікті саны, біз спортшыларға алдағы 5-ші Жастар ойындарында қажет болатын ойын мен психологияның барлық қажетті компоненттерін тиімді жаттықтыра алдық. Осы күндері теннисшілер техниканы, стратегияны, тактиканы және психологияны жақсы түсіне білді. Біз көп уақытты матчтың негізгі компоненттерінің теориялық және тәжірибе жүзінде орындалуын егжей-тегжейлі талқыладық және бұл ОЖЖ қатысушыларына ойын және моральдық деңгейлерін арттыруға көмектеседі деп сенемін. Данияр Әбілғазинге, Республикалық федерация мен Қарағанды клубының қызметкерлеріне жиынды өткізу кезінде тамаша жағдай жасағандары үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ теннисшілер мен әріптестерім - жаттықтырушыларға ризашылығымды білдіремін. Біз керемет жұмыс жасадық".

Талап Қойбағаров