22-28 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстанның шағын ракетка жас шеберлерінің қатысуымен Орталық Азия аймағындағы "National Hopes and Cadet Week & Challenge" үстел теннисінен халықаралық жаттығу жиыны мен іріктеу турнирі өтеді. Осы беделді спорттық форумда еліміздің намысын түркістандықтар Нұржігіт Жолдыбай (жаттықтырушысы Бақдәулет Сыдықов), Рамазан Нәзір (жаттықтырушысы Ержан Есімханов), қарағандылықтар Виктория Мочалкина (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) және Дарья Гамова (жаттықтырушысы Дмитрий Игнатюк) қорғайтын болады. Қазақстан құрама командасының құрамы бүгін Алматыдағы республикалық турнир аяқталған соң анықталды. Ұлдардың үшеуі де бірдей ұпай жинады, бірақ ұтылып қалған және ұтқан партиялардың таңдамалы айырмашылығы бойынша Өзбекстанның астанасына екі жолдаманы түркістандықтар жеңіп алды, ал Дінмұхаммед Қасенов Нұр-Сұлтаннан (жаттықтырушылары Серік Мұрзаспаев, Анастасия Лаврова) қола жүлдені алды. Қыздар арасында барлық құрмет тұғырын қарағандылықтар басып алды, Виктория Мочалкина, Дарья Гамова, Дарья Фу.
Талап Қойбағаров