Кемшіліктерді жаттығуларда, жиындарда жоямыз

11.12.2018

Қазақстандық кіші ракетка шеберлері қатысқан Кисакаллио спорт институтының залында «Finlandia Open» үстел теннисі бойынша VII Ашық турнир болып өтті. Жапония, Корея, Украина, Норвегия, Швеция, Англия, Ресей, Франция, Голландия, Эстония, Польша, Испания, Литва, Швейцария, Бельгия, Уэльс, Румынияжәне АҚШ-тан келген қарсыластарымен жарысып, біздің теннисшілер нәтижесінде мынадай орындар алды: Денис Жолудев (Өскемен) 12 орын, Александр Герасименко (Астана) 42 орын, Дастан Кенжеғұлов (Орал) 58 орын, Тимур Келбұғанов (Алматы) 73 орын, Бекұлан Жамал (Шымкент) 74 орын, Диас Сәрсембаев (Ақтөбе) 97 орын, Анастасия Лаврова (Астана) 12 орын, Зәуреш Ақашева (Қарағанды) 38 орын, Гаухар Алмағамбетова (Орал) 44 орын, Гулчехра Хусейінова (Орал) 54 орын, Алсу Сапарова (Орал) 57 орын, Айя Әлімбаева (Алматы) 61 орын. Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверзевтің сұхбаты: «Құрама үшін екі адамнан қатысып, командалық жарыс турнирі басталды. Тимур Келбұғанов -Денис Жолудев бірінші раундта АҚШ-Канада халықаралық дуэтті 2:0-мен жаңді, ал содан кейін украйндықтармен кездесті. Тимур өзінің кездесуінде жеңді, ал Денис қарсыласын жеңуі керек еді, бірақ соңына дейін жеткізбеді. Қазақстандық жұптар (2:1)төртінші сетті 10:8-ге апарды, 13:15-пен орын берді, 2:3-пен матчты беріп, турнирден шығып қалды.

Анастасия Лаврова – Гулчехра Хусейінова Англиядан жеңісті бастады 2:1. Голландия-Данияға қарсы Настя ұпай берді. Гулчехра жеңіліп қалды, жұптық разрядта орын беріп, командалық жарысты аяқтады. Зәуреш Ақашева – Алсу СапароваИспаниядан шыға алмады, Айя Әлімбаева – Гаухар Алмағамбетова Ресейден әлсіз болды. Александр Герасименконың – Бекұлан Жамалдың жапондықтар жолдарын кесті. Дастан Кенжеғұлов – Диас Сәрсембаев Испанияны еңсере отырып Ресейге келгенде шалынып қалды. Біз осылай командалық турнирді аяқтадық.

Жеке турнирде Анастасия Лаврова тамаша ойын көрсетті. Үш кездесуді қатарынан 4:0-мен, сонымен қатар кореянканы жеңді.Жарыстың негізгі сетіне шықты, 12 орын алды. Настя қазір жақсы көңіл-күйде, тәсілін сауатты ұстанды, үстелге сенімді түрде түсті, ешкімнен де, ештеңеден де қорыққан жоқ.

Қалған қыздар шамалары келгендерін жеңді. Көптеген қателіктер жіберді.

Ерлер арасында Денис Жолудев (12 орын) мықты болды.Шведті, испандықты, ресейлікті жеңді. Негізгі сеттегі жарыста «Finlandia Open»-де чемпион болғанжапондық Корияма Нокитоға жол берді.

Бекұлан Жамал жарады. Әп-сәтте Ли Гихунге (Корея) қарсылас болды және оған ешқандай жол бермеді. алайда күресте 3:4-пен ұтылды. Екінші корейлік Жан Сенгилмен аяғына дейін жарысты, есеп 2:4. Бекұланға бірінші нөмірмен ойнауға тәуекелге бару керек, онсыз әсіресе азиаттық теннисшілерді жеңу қиын болады.

Тимур Келбұғанов, Александр Герасименко, Дастан Кенжеғұлов, Диас Сәрсембаевөз күштерімен ойнады, әр сетте жарысты, алайда үлкен мәселелерді шешу үшін бұл аз болды. Қай жағдайда болсын қайтарым бергендері үшін, спорттық тәлімдері үшін, жеңіске жетуге талпыныстары үшін біздің барлық теннисшілерге Рахмет айтамын.

Осы турнирде қарсыластардың ұтыстарда, қайтарымдарды қабылдауда, қайтарып берудің өзінде бізден күшті екендіктеріне мән бердім. Мұндай кемшіліктерді жаттығуларда, жиындарда жоямыз».

Талап Қойбағаров