Келесі кездесуге дейін

15.03.2019

Шымкентте Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресінің батыры Ақпан батырды еске алуға арналған үстел теннисінен 2-ші Халықаралық турнирі аяқталды. Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан спортшылары 19-23 жас, 18 жас және одан кіші екі жас категориясында медальдар мен қомақты жүлде қоры үшін шайқасты. Естеріңізге сала кетейік, қыздар арасындағы командалық жарыста Мархабо Мағдиева, Диана Аристанова «Хван Ман Гым-2» (Өзбекстанның Ташкент облысы) көзге түскен болатын. Күміс медаль алғандар Назакят Гараева (ол «Жеңіске деген жігерлігі үшін» сыйлықпен марапатталды), Мәриям Иманов (Әзірбайжан), қола жүлделер Мәлика Ілхамжанова, Сарвиноз Мірқадірова («Қазақстан-1») және Розалина Қажиева, Сағдияна Мадалиева, Хуснора Иминова (Өзбекстан).

Жасөспірімдер арасында командалық кубокты Бекұлан Жамал, Бақдәулет Әкімәлі, Ырысбек Артұқметов («Қазақстан-1») жеңіп алды, олар «Ресей-2» (2 орын, Илья Исаков, Антон Котов, Михаил Рожков), «Ресей-1» (3 орын, Максим Киселев, Александр Тютрюмов, Семен Шевнин) және Қарағанды (3 орын, Владислав Захаров, Темірлан Ким) теннисшілерінен басым түсті.

Турнирдің соңғы күнінде жеке есептегі чемпиондар мен жүлдегерлер белгілі болды.

18 жастағы және одан кіші қыздардың финалы: Сағдияна Мадалиева (Өзбекстан)-Мехринисо Нарқұлова («Хван Ман Гым-1», Ташкент облысы). Қарсыластар бір-бірін жақсы біледі және олардың Шымкенттегі кездесуі ымырасыз күресте өтті. Сағдиана аз қателесіп, жиі үстелге түсіп, нәтижесінде 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осы жас категориясында қола жүлдені Анель Бақыт («Қазақстан-2») және Мархабо Мағдиева («Хван Ман Гым-2») иеленді.

18 жастағы және одан кіші жасөспірімдер арасындағы финал: Семен Шевнин («Ресей-1») – Михаил Рожков («Ресей-2»). Екеуі де Екатеринбург «ОТМК» клубының ойыншысы, бірге жаттығып, Ресей жасөспірімдер құрамасының түстерін қорғайды. Ширақ, қозғалмалы, тез Семен Михаилды 3:0-есебімен жеңіп кетті және чемпион атанды. Қола жүлдені Ескендір Харки («Қазақстан-3») және Бақдәулет Әкімәлі («Қазақстан-1») жеңіп алды.

19-23 жастағы қыздардың финалы: Розалина Қажиева (Өзбекстан) – Кәмила Халикова («Хван Ман Гым-1», Ташкент облысы). Тағы да өзбек қарсыластығы. Ойынның алдында Кәмила: «біз жиі жарыстарда кездесетінбіз деді. Бұрын мен оны үнемі жеңетінмін, бірақ соңғы екі жыл ішінде Розалина шеберлігін жақсартты, сенімді ойнайды және қазір бізде жекпе-жек теңдігі бар». Финал қызу болды. Қорғаушы Розалина сауатты қорғалды, ал шабуылшы Кәмила қатты шабуыл жасады, бірақ өз қарсыласына қарағанда көбірек қателік жасады. Есеп 3:1 және Розалина Қажиева бірінші орынды иеленді. Екінші Кәмила Халикова, үшінші Мәриям Иманова (Әзірбайжан), Мәлика Ілхамжанова («Қазақстан-1»).

19-23 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы финал: Максим Киселев («Ресей-1») – Владислав Захаров (Қарағанды). Жеке есеп финалындағы Қазақстанның жалғыз өкілі Ресейдің жұптық және командалық разрядтардағы ересектер чемпионатының қола жүлдегеріне қарсы. Владислав көптеген қазақстандық жанкүйерлерді қуантқысы келді,бірақ бүгін оның күні болмады. Есеп 3:1, Максим Киселев алтын мен «Үздік ойыншы» жүлдесін жеңіп алды. Үшінші орында Александр Тютрюмов («Ресей-1»), Бекұлан Жамал («Қазақстан-1»).

Ақпан батырды еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталған соң Әзірбайжанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Түркменстанның, Ресейдің, Өзбекстанның жаттықтырушылары, спортшылары, өкілдері Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы - Әлібек Нұртаевқа, қалалық үстел теннисі Федерациясының президенті - Асқар Тұрысбековқа, теннис түрлері бойынша № 6 қалалық БЖСМ директоры - Мақсат Князевқа, «Кока Кола Алматы Ботлерс БК ЖШС Бас директоры» - Эрдинч Гюзяльға, № 5 қалалық бокс клубының директоры - Заңғар Қасқаевқа, күрес түрлері бойынша № 10 қалалық БЖСМ директоры - Саян Мекенбаевқа (Ақпан батырдың ұрпағы), Балтабай Құрбанбайұлына (Ақпан батырдың ұрпағы) іс-шараның ұйымдастырылуына, қонақжайлығына тәнті болып алғыстарын білдірді. Келесі кездесуге дейін!

Талап Қойбағаров