Пусанда (Оңтүстік Корея) үстел теннисінен әлем чемпионатында кіші топтардағы ойындар аяқталып, құрмет тұғырына дейін сайысты жалғастыратын 24 команда анықталды. Қазақстанның ерлер құрамасы Кореяда сәтті өнер көрсетуде, бүгін АҚШ-ты 3:1 есебімен жеңіп, өзінің кіші тобында екінші орынға ие болып, әлемдегі ең мықты ТОП-24 команданың қатарына енді.
№2 топ:
1 орын Германия
2 орын Қазақстан
3 орын Англия
4 орын АҚШ
5 орын Сауд Арабиясы.
Біздің құраманың көшбасшысы, халықаралық дәрежедегі спорт
шебері Кирилл Герасименконы ерекше атап
өткім келеді, ол 100 пайыз жеңіс нәтижесін көрсетті: 7 ойын, 7 жеңіс.
(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы әлемдегі ең
ірі халықаралық спорт федерациясы болып табылады, онда 227 ел бар және әлем
чемпионатына тек 40 ұлттық құрама қатыса алды. Қазақстан Пусанда ойнау үшін
финалдық сегіздікке кіріп, құрлықтық біріншілікте лицензия жеңіп алды. Міне,
жаңа жетістік - ертең біз финалдың 1/8 кезеңіне шығу үшін Үндістан құрамасына
қарсы жекпе-жек өткіземіз.
Талап Қойбағаров, Пусан қ.
(Корея)