Казахстан – Ресей 4:1

04.11.2018

Суперлиганың ерлер командалары арасындағы Ресей Үстел теннисі федерациясының құрлықтық чемпионатының бірінші туры Екатеринбург қаласында өтті.Астаналық «Астана» клубы (Тимур Келбұғанов, Денис Жолудев, Дастан Кенжеғұлов, Бекұлан Жамал, жаттықтырушысы Самат Бейсенов) бес ойын өткізіп төрт рет жеңіске жетті: 3:2 «Локомотив» (Нижний Новгород), 3:1 «ОТМК-Резерв» (Верхняя Пышма), 3:2 «УОР» (Казань), 3: 1 «Нефтеград» (Альметьевск) және 1:3 «Пермспецкабель» (Пермь). Қазақстан командасының жаттықтырушысы Самат Бейсеновтың пікірі: « Бірінші турда екінші орынды иелендік бұл жақсы нәтиже. Биылғы жылы Суперлигаға қатысушылардың деңгейі айтарлықтай өсті, өйткені әр командада ойыншылар бар, олар өткен маусымда чемпионаттың жоғарғы дивизионында - премьер лигада ойын көрсеткен болатын. Біздің жігіттер мықты, күресті, жақсы сапалы ойын көрсетті! «Астана» клубының көшбасшылары Денис Жолудев және Тимур Келбұғановты жеке айта кету керек. Егерде біреуі сүрініп қалса, онда екіншісі әрқашанда оны сүйемелдейді. Бекұлан Жамал және Дастан Кенжеғұлов ойынның ырғағына кіре алмады, бірақ ондай болып тұрады, өзімнің тәжірибем бойынша білемін. Дастан бірінші матчтан кейін ойын ырғағына кіруді білді, ал Жамал, өкінішіке орай, өз-өзін қолында ұстай алмады. Енді келесі турға дайындаламыз, ол 23-26 желтоқсанда Казань қаласында өтеді».

Талап Қойбағаров