"KAZAKHMYS OPEN" турнирі басталды

22.11.2025

Жезқазғанда "Жігер" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Корпорацияның Республикалық үстел теннисі Федерациясымен бірлесіп ұйымдастырған "KAZAKHMYS OPEN" турнирі басталды. Қазақстан өңірлерінің, Ресей, Өзбекстанның спортшылары тек жеке разрядта өнер көрсетеді және бірінші ойын күнінен кейін келесі санаттағы көшбасшылар анықталды:

- Ұлдар, қыздар 2010 ж.т. және одан кіші:

Ермахан Ерканат (Қарағанды облысы, Руслан Хусаинов (Орынбор), Жантілеу Жанқұтты (Жезқазған), Мұхамедияр Әлтаир (Қызылорда облысы), Жансая Тлегенова (Қарағанды облысы), Александра Филонова (Орынбор), Аделина Удербаева (Орынбор), Мунира Шаукар (Жезқазған).


- Кәсіпқойлар:

Сагантай Курмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Темурбек Нурмонов (Өзбекстан), Илья Гладыш (Орынбор), Азаматхон Насыров (Өзбекстан), Аделина Хасанов (Өзбекстан), Виктория Мочалкина (Қарағанды облысы), Дарья Гамова (Қарағанды облысы), Диана Полегаева (Өзбекстан).


Бүгін көрермендер мен қатысушылар үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны ұйымдастырылды.


"KAZAKHMYS OPEN" турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 23 қарашада белгілі болады.



Талап Қойбағаров