Катардан екі қола медаль

22.01.2026

Катарда "WTT Youth Contender" халықаралық турнирі аяқталуда, онда Назерке Болатбек (Түркістан облысы) сәтті өнер көрсетті. 11 жасқа дейінгі санатта ол Айлин Ахмедованы (Түрікменстан) 3:1, Маралмаа Мандалбаярды (Моңғолия) 3:0, Алия Эльбазды (Катар) 3:1 ұпайларымен жеңіп, Зейнуа Фарукке (Мысыр) 2:3, Раче Лограбиге (Катар) 0:3 есептерімен жол беріп, қола медаль жеңіп алды.

Бұған дейін Назерке Болатбек 13 жастағы спортшылар арасында үшінші орынды иеленген болатын.


Талап Қойбағаров