Маңғыстау облысының үстел теннисі федерациясы Әділет департаментінде тіркелген. Құттықтаймыз!
Каспий теңізінің жағасында әдемі Ақтау қаласында
үстел теннисінің мәнін
біледі, онда үлкен де
кіші де
ойнайды, ардагерлер арасында Қазақстан чемпионатын жиі өткізеді. Жақсы жаттыққан спортшылар аймағымыздың
абыройын кез келген дәрежеде жарыстарда көрсетуде және жас теннисшілер теңесе
алатындай өзіміздің жұлдыздарымыз бар. Бұл-Есен
Рамазанов – «Алтын күз-2015» халықаралық турнир чемпионы, 2018 жылғы жасөспірімдер
клубтық чемпионатының командалық есебінде бірінші орын. Болгариядағы "Албена-2016" халықаралық турнирінің қола жүлдегері»,
Гузель Торшаева-Ресейдегі халықаралық
турнирдің күміс жүлдегері, «Албена-2016» турнирінде қола жүлдегері, қыздар
арасындағы ел чемпионатының күміс және қола марапаттары, Махатай Рамазанұлы-Маңғыстау облысының БЖСМ аға жаттықтырушысы,
ардагерлер арасындағы Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың
жеңімпазы және жүлдегері, Испания мен АҚШ-тағы әлем біріншілігінің қатысушысы.
Облыста үстел
теннисі бір орында тұрмайды, дамып келеді, болашағы зор ойыншылар пайда болуда:
Бақыт Әлімжан, Никита Романюк, Карина және Зарина Борсакбаева, Дана Ундасинова,
Ярослав Жадько, Айнагүл Фаридова, Аққу Темірханова және т.б.
Талап Қойбағаров